Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 360 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,2, магнитудасы – 3,6. Эпицентрінің координаттары 39.96° солтүстік ендік, 77.05° шығыс бойлық. Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.
09:03, 13 Желтоқсан 2021
Алматыдан 360 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 13 желтоқсан күні Алматы уақытымен 08 сағат 03 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.