Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 390 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9,8. MPV магнитудасы - 4,3. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 бағаны бойынша) ақпараттар жоқ.
11:31, 29 Наурыз 2020
Алматыдан 390 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 наурызда Алматы уақыты бойынша 10 сағат 51 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.