Алматыдан 396 шақырым жерде жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 17 қараша күні Алматы уақытымен 17 сағат 17 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 396 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9; магнитудасы – 5,2.
Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.