Алматыдан 415 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан 415 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында сағат таңғы 07-49-де жер сілкінісі болды. Мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 415 шақырым жерде Қытай шекарасында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.0, магнитудасы MPV 4.4, ал тереңдігі 5 шақырымды құраған.