Алматыдан 427 шақырым қашықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 қаңтар күні Алматы уақытымен 10 сағат 45 минут 02 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 427 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.6, магнитудасы – 4.4. Жерасты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған», - делінген хабарламада.