«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 433 шақырым қашықтықта, Қырғыстан аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.
Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.5. MPV магнитудасы - 4.3, ошағының тереңдігі - 10 км.
Еске сала кетейік, кеше Алматыдан 432 шақырым қашықтықта жер сілкінгенін хабарлаған болатынбыз.