АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылғы 23 маусымда 09 сағат 19 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 451 км қашықтықта Қазақстан және Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық қуаты 10.4. Магнитудасы 5.3 MPV. Тереңдігі 20 км. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, бұл бүгін Орталық Азиа аумағында тіркелген екінші жер сілкінісі.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.