Алматыдан 455 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы 8 қазанда 20 сағат 47 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 455 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.3. MPV тербелісі - 4.6. Тереңдігі - 30 шақырым. Жер дүмпі Алматыда сезілген жоқ.