Алматыдан 468 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 26 тамыз күні сағат 14:57 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан 468 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы 10.6. MPV, бағыты 41.63° с.е 82.18° ш.б. Тереңдігі 15 км. Сезілуі туралы мәліметтер жоқ» делінген кезекші оператордың хабарламасында.