Алматыдан 517 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
10:07, 06 Мамыр 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылы 6 мамырда Алматы уақытымен 9 сағат 17 минут 12 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 517 шақырым қашықтықта, Қытай, Тәжікстан және Қырғызстан шекарасында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 11.4. MPV тербелісі - 5.0. Тереңдігі - 10 км. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді», - делінген хабарламада.