Алматыдан 528 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 сағат 52 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 528 шақырым қашықтықта Өзбекстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 9,3. MPV магнитудасы – 4,1. Тереңдігі – 20 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер түскен жоқ.

Еске салайық, кеше түнде Жетісу облысының Қоңырөлең мен Жаркент тұрғындары жер сілкінісін сезінген болатын. Энергетикалық санаты – 10.5, MPV магнитудасы – 4.9, тереңдігі – 25 шақырымда болды. Дүмпу Қоңырөлең кентінде – 2-3 балл, Жаркентте 2 балл қуатпен сезілді.