Алматыдан 550 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы бүгін Алматы уақытымен сағат 13:53-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Photo: Getty Images

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 550 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.1.

MPV магнитудасы – 4.2.

Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.