Алматыдан 582 км қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 22 маусым күні 01 сағат 41 минут 08 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан  оңтүстік батысқа қарай 582 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық қуаты 11.0. Магнитудасы 5.3 MPV. Тереңдігі 5 км. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.