Алматыдан 587 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 09 сағат 12 минут 50 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 587 шақырым жерде, Қытай аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.4. MPV тербелісі - 4.8. 
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.