Алматыдан 616 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 12 ақпанда Алматы уақытымен 23 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚаАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысына қарай 616 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 13.9 .MPV магнитудасы – 6.7 .

Тереңдігі – 80 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.