Алматыдан 660 км қашықтықта 5.1 магнитудасымен жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 20 сағат 42 минут 13 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 660 км қашықтықта Тәжікстан аймағында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

«Зілзаланың энергетикалық класы 11.7. Магнитудасы MPV 5.1. Зілзаланың эпицентрінің бағыты 38.30° с.е. 72.49° граудс ш.б. Тереңдігі 5 км. Сезілу деңгейі туралы мәлімет жоқ»-делінген хабарламада.