АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 19 маусым күні 09 сағат 37 минут 49 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 661 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық қуаты 10.7. Магнитудасы 4.6 MPV. Бағыты 38.99° с.е. 71.35° ш.б. Тереңдігі 5 км. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.