Алматыдан 697 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 16.54-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 697 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,7, магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 35 шақырым.

Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.