Алматыдан 729 шақырым қашықтықта жер сілкінді
09:19, 18 Тамыз 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 18 тамызда Алматы уақытымен 5 сағат 43 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 729 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында тіркелді. Зілзаланың энергетикалық санаты - 12.2. MPV тербелісі - 5.4, ошағының тереңдігі - 0-5», делінген хабарламада.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.