Хабарламада «Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 781 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық қуаты 11.6. Магнитудасы 5.3 MPV. Тереңдігі 20 км. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ», - делінген.
11:32, 22 Маусым 2017
Алматыдан 781 км қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылғы 22 маусымда Алматы уақытымен 10 сағат 10 минут 49 секундта жер сілкінісін тіркеді.