Алматыдан 790 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылғы 31 наурызда 00 сағат 45 минут 24 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 790 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 12.2. MPV магнитудасы - 5.6, ошағының тереңдігі - 5 км.

Жер сілкінісі Алматыда сезілмеді.