«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 822 шақырым қашықтықта, Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.9, магнитудасы – 4.9. Жерасты дүмпуі 80 шақырым тереңдікте болған», - делінген хабарламада.
07:29, 02 Қаңтар 2022
Алматыдан 822 км қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 1 қаңтар күні Алматы уақытымен 19 сағат 15 минут 32 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.