Алматыдан 876 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылдың 28 қазаны күні Алматы уақытымен 23 сағат 45 минут 37 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 876 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 12,7. MPV магнитудасы - 5,4. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.