Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 718 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 9 қыркүйек күні Алматы уақытымен 2 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 718 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында орналасқан.

Энергетикалық класы - 10.7.

MPV магнитудасы - 4.9

Бағыты - 39.63° с.е. 69.76° ш.б.

Тереңдігі - 5 км.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы мәліметтер тіркелмеген.


Ашық көздерден алынған фото