Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай екі рет жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 09.32-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 557 шақырым қашықтықта Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7, магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 5 шақырым. Сондай-ақ сағат 09.50-де Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 365 шақырым жерде Қырғызстан аумағында жер сілкінді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7, магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 5 шақырым. Жер асты дүмпулері сезілген жоқ.