Алматыдан оңтүстікке қарай 228 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмологиялық стансалар желілері 2014 жылдың 5 мамыры күні Алматы уақыты бойынша 02 сағат 23 минут 45 секундта жер сілкінісі болғанын тіркеді.

Зілзала кіндігі Алматыдан оңтүстікке қарай 228 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің тереңдігі 5 шақырым, күші 13.2 балл, магнитудасы MPV 6.1-ге жеткен. Алматы маңында сезілу шамасы 2-3 баллды құрады.