«17 қыркүйете А320 ұшағымен Алматы - Ташкент бағыты бойынша КС 127 рейсін орындаған кезде қозғалтқыштың техникалық ақауына байланысты ұшақ ұшып шығу әуежайына оралды. Қону штаттық режимінде өтті. Жолаушылар тамақпен және сусындармен қамтамасыз етілді. Рейс қазір резервтік ұшақпен ұшқалы жатыр», - делінген компанияның ресми хабарламасында.
16:15, 17 Қыркүйек 2023
Алматыдан Ташкентке бағыт алған ұшақ қайта оралуға мәжбүр болды
Бүгін Алматыдан Ташкентке бағыт алған ұшақ әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды, оған техникалық ақау себеп. Бұл туралы ҚазАқпарат «Air Astana» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.