АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде Алматы облысында қайтадан блокпостар қойылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Полиция бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ақпарат мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Хабарламада блокпостар Шамалған, Қаскелең және Ұзынағашқа баратын тас жолдарға қойылуы мүмкін екені айтылған.
Алайда, Алматы облысы және Алматы қаласының полиция департаменті, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде карантин талаптары қайта күшейтілуі мүмкін екенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.