Әлеуметтік желіде пайдаланушылар қаланың әр жерінен түсірілген видеоларды таратып жатыр. Көлік кептелісі Instagram желісіндегі парақшасының бірінде жарияланды.
Алматы қалалық полиция департаменті осы мәселеге қатысты түсінік берді.
«Біз қосымша полиция жасақтарын жұмылдырдық. Олар кептеліс көп болып жатқан аумақтардағы блокпостарда тұрады. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды да анықтаймыз. Жол жүру ережесін сақтамаған жүргізушілер әкімішілік жауапқа тартылады», - деп хабарлады полициядан.
Ведомство өкілдерінің айутынша, блокпостардағы жағдай үнемі бақылауға алынған.
Еске салайық, кеше Алматыға кіреберісте бірнеше шақырымға созылған кептелістің видеосы тараған болатын.