Әуезов аудандық ІІБ мәліметінше, 27 жастағы Зарина Әтембаева мен 37 жастағы Ерік Сейітбай адамдарға кезексіз баспана алып беремін деп алдаған.
«Бойжеткен өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырып, кезексіз баспана алып беруге уәде берген. Өзінің қызметі үшін ол 1 мың доллардан бастап ақша алып отырған. Қаражатты оның ағасы Ерік алады. Бүгінде олардың әрекетінен 2 адам зардап шеккені анықталды. Олардың саны одан да көп болуы мүмкін», - деді аудандық ІІБ басшысы Бақыт Қасабеков.