«2023 жылдың 12-13 қаңтары күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан білім беруді ұсынудың талабы мен ережесіне сәйкес қашықтан оқытуға көшіріледі», - делінген Білім басқармасының мәліметінде.
Бұған дейін Алматыда қалың қар жауып, -25 градус аяз болатыны туралы жазған болатынбыз.
Сондай-ақ әкімдікте қысқы тазалау технологиясына сәйкес, қала көшелері қалай тазартылатынын айтты.
Айта кетейік, кеше түскі сағат 12:00-де басталған қар тоқтаусыз жауып тұр.