Алматылық полицей қоян-қолтық ұрыста жеңімпаз атанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Бас қолбасшысы кубогы республикалық турнирінде алматылық полицей чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәуелсіздік құрдасы, 25 жастағы арнайы ұтқыр жасақ инспекторы Ұлан Мұқашев ҚР Бас қолбасшы кубогы 2-ші республикалық турнирінде қоян-қолтық ұрыста жеңімпаз атанды.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астанада өткен сайысқа ІІМ, Ұлттық ұлан, ҰҚК, ҚР Қорғаныс министрлігінің балуандары қатысты.

«Сайысқа қатысушылардың дені менің салмағым 65 келі дәрежесінде бақ сынады. Яғни, менің бәсекелестерім көп болды. Мен бұған дейін 2012 жылы әлем чемпионатында үшінші орынды иелендім және былтырғы сайыста «күміс» жүлдеге қол жеткізгенмін. Қазіргі жеңісім арқылы мен 2017 жылы өтетін Әлем чемпионатына жолдама алдым»,  - деді Ұлан Мұқашев.