Тиісті мамандар жерасты дүмпулерінің күші 2-3 балл болды десе, тұрғындар бұған сенімсіздікпен қарап отыр.
Олардың көпшілігі жер сілкінісі әдеттегідей шайқалмай, керісінше вертикалды қозғалғандай әсер қалдырғанын айтуда.
cab_tan никтегі қолданушы жерді бір алып күш балғамен ұрғандай әсер қалдырды десе, nastya_s.k.i.s.n.s «жер тебінді» деген пікір қалдырды.
«Терезелер тарсылдап, қатты гуіл естілді. Вертикалды соққы тигендей болды», - деді Фейсбук желісінде Алена Сергеевна
«Бір қабат төмен құлдырап кеткендей сезімде қалдым», - деді Фейсбук қолданушысы Lena Lina
Еске сала кетейік, ҚР БҒМ ҒК Сеймологиялық тәжірибе-эәдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі 15:20:44 уақытта жерасты дүмпулерін тіркеген болатын.