АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, қала тұрғындарына коттедж жалдап, кештер өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жергілікті атқарушы және Алматы қаласының құқық қорғау органдары жеке үйлер мен ғимараттарды ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізу үшін жалға берілмеуін қадағаласын «, - делінген қаулыда.
Бұған дейін Бекшин Алматыда той-томалақ өткізуге тыйым салған болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.