Алматының орталық ауруханасынан бомба табылған жоқ

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарылғыш зат қойылды деген хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті Орталық қалалық клиникалық аурухана аумағында іздестіру шаралары аяқталғанын мәлім етті.

«Ешқандай жарылғыш құрылғы немесе басқа да күдікті заттар табылмады. Жарылғыш зат туралы ақпарат жалған болып шықты. Қазір полицейлер хабар тартқан адамды іздестіріп жатыр»,- деді ведомстводан.

Бұған дейін бомба туралы мәліметке байланысты медициналық мекеменің аумағында тексеру және іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз. Ғимараттан қ ызметкерлер мен науқастар дереу эвакуацияланды.