Бірінші болып балықшының туыстары дабыл қағып, жоғалғаны туралы құтқару қызметіне жүгінген.
«Екі тәулік бойы құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен азамат жоғалған жерден 7 шақырым радиуста аэровизуалды іздестіру жүргізді», - деп хабарлады ТЖМ.
Қараой ауылынан оңтүстік-батыс бағытында 30 шақырымнан астам жолды жаяу патруль аралады. Ер адам өзен жағалауынын табылды. Ол әбден әлсіреп қалған.
«Балықшының адасып кеткені анықталды. Оқиға орнына келген құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, елді мекенге жеткізді», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Ертіс өзеніне шомылып жүрген жас жігіт суға батып кеткенін хабарлаған едік.