Ертіс өзеніне шомылып жүрген жас жігіт суға батып кетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Қазіргі уақытта құтқарушылар су астынан жігіттің мүрдесін іздеп жатыр. Ол өзеннің арнайы жабдықталмаған тұсында суға түскен. 

батып кетті
Фото: Pexels

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«10 маусым күні сағат 14.30-да Ертіс өзенінің Павлодар қаласы Кенжекөл кенті маңында ер адам суға батып кетті. Ол шомылуға арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен. Жас жігіт 1999 жылы туған», - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен.

Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында жыл басынан бері 17 адам суға кеткенін жазған едік.