«Тұрғындар тарапынан маса улауға қатысты көптеген шағымдар түсуде. Бұған қатысты аудан әкімдері мен тиісті басқармаға шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырдым. Тиісті шараны уақытында қолға алмағандарға тәртіптік шара қолданылады», - деп хабарлады шаһар басшысы.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін қалада маса-шіркейді улау жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз. Онда қанатты қансорғыштардың шектен тыс көбейіп кетуіне ауа райы әсер еткені айтылған. Тиісті қызметтердің мәліметінше, қаладағы әр аудан бойынша 6-8 шілде аралығында дезинсекциялық іс-шаралар жүргізілген.