Күннің бұзылуына байланысты Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданындағы жолдың бір бөлігіне уақытша шектеу қойылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері облыс аумағында сапарда жүргендерге жолда сақтық ережелерін мұқият сақтауды ескертті.
- 2025 жылы 22- ші қаңтар сағат 18:00 ден бастап күннің бұзылуына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Сарыөзек- Көктал» тасжолының 40-68 шақырымы (Алтын Емел асуы) учаскесінде ауыр жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді,- делінген хабарламада.
Еске салайық осыған дейін Жетісуда Талдықорған-Көлбай автожолына шектеу қойылғанын және «Алматы-Өскемен» автожолының бір бөлігінде жол жабылғанын жазғанбыз.