«Алматы-Өскемен» автожолының бір бөлігінде жол жабылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысындағы республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

СҚО-да қар жауып, боран соғып тұр
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, 22 қаңтар сағат 16:30-дан бастап күннің бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 78-124 шақырым аралығындағы учаскеде (Қонаев қаласы - Жетісу облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 09:00 ашу жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатқанын жазғанбыз.

Күннің бұзылуына байланысты әуежайдың өндірістік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ еліміздің оңтүстігінде боран соғып, күн аяздайтынын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар