Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы халықаралық әуежайы күн райының нашарлауына байланысты әуежайдың өндірістік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

аэропорт, самолет, SCAT, рейс, вылет, задержка рейса, метель, отмена рейса, әуежай, қар, рейстің кешігуі, рейсті тоқтату
Фото: Kazinform

Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан рейстердің жаңарған статусын ұшар алдында әуежай мен әуе компанияларының ресми сайттарынан тексеру керектігін ескертті.

- Барлық қызметтер рейстердің кешігуін азайту және операциялардың қалыпты тәртібін қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қолдана отырып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады әуежайдан.

Қазіргі уақытта ұшу уақыты кешігіп жатқан рейстер қатарында Ташкент, Қостанай, Астана бағыттары бар.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында түкірген шетелдікке айыппұл салынып, рейстен түсірілгенін жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар