Бүгін, 17 шілдеде грек-рим және әйелдер күресінен бәсекелер өтті.
Нәтижесінде Алтын Шағаева финалдық кезеңге жолдама алды. Ол қола жүлде үшін өтетін белдесуде норвегиялық Отелия Хёйемен кездеседі.
Ал Ирина Кузнецова (62 келіге дейін), Қызжібек Жарқынбаева (65 келіге дейін), Дінмұхамед Қошқар, Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін), Ирина Казюлина (68 келіге дейін) жұбаныш белдесуінде күреседі.
Айта кетейік, финалдық кезең бүгін өтеді.
Еске салайық, мұның алдында стенд атудан Қытайдағы әлем кубогына қатысатын мергендер белгілі болғанын жазғанбыз.