Алты адамды қаққан Мақсат Үсенов қамаудан босатылды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда алты адамды қағып кеткен BMW X6 көлігінің жүргізушісі Мақсат Үсенов қылмыстық істің тоқтатылуына байланысты қамаудан босатылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.

1 желтоқсан күні орын алған бұл оқиға бірталай қоғамдық пікір тудырған-ды. Алты адамды қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіп, аз уақыттан соң ұсталған болатын. Жол-көлік оқиғасы кезінде бір адам көз жұмды. М.Үсеновке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 1-тармағы және 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынып еді.

«Кеше М.Үсеновке қолданылған жазалау шарасы қамаудан ешқайда шықпау туралы қолхатқа ауыстырылды» делінген хабарламада.