Авторлардың сөздеріне қарағанда, олар қарулы механизмдер емес керісінше бір мезгілде жұмыла әрекет ететін синхронды құртақандай роботтар жасауға ден қойды.
Нәтижесінде әрқайсысының салмағы 100 грамм ғана алты шағын робот салмағы 1,5 тоннадан асатын автомобильді орнынан қозғалта алды, деп жазды The New York Times.
Ғалымдар мұны - алты адамның бірлесіп Эйфель мұнарасын орнынан қозғалтуымен бірдей деп санайды.