27 жастағы Шерил Стивенс (Cheryl Stevens) досы және бұрынғы әріптесі 24 жасар Даниэл Чаллистің (Daniel Challis) алтын балықты жұтып жатқан кезін видеоға түсіреді. Осылайша, олар комедиялық көрініс жасағылары келген. 35 секундтық бұл видео 2016 жылдың наурыз айында Facebook әлеуметтік желісіне жарияланған болатын.
Тергеу барысында британдықтар балықтың сол күні өзі өлгендігін айтқан. Алайда, Жануарларды қатыгездіктен қорғау корольдік қоғамы (RSPCA) сотта видедоғы балықтың қимылдағанын дәлелдеді. Үкім 3 ақпан күні шығады.