«Алтын белгі» иегерлерінің қаншасы грант алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл білім грантын тағайындау нәтижесі 5 күн бұрын жарияланды. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында республикалықконкурстың нәтижесі жарияланды. Бұл - республикалық конкурстық комиссияжұмысының нәтижесі, яғни грант иелерінің тізімі айқындалды. Жалпы, биылкокурсқа 53 785 грант бөлінді, қатысушылардың саны 64 452 адам болды. Осыорайда бір грантқа орташа конкурс 1,29 адамды құрады», - деді Ф. Жақыпова.

Оның сөзіне қарағанда, былтырмен салыстарғанда биыл грантнәтижелері 5 күн бұрын шығарылды.

«Сонымен қатар, жыл сайын мемлекет тарапынан жоғарыбілім алуға мүмкіндіктер кеңеюде. Жалпы гранттардың санында 45 пайыздан астамыинженерлік, құрылыс, ІТ-мамандықтарға бөлінген. 8 мыңнан астам грантпедагогикалық кәсіпке арналған. 4 мың грант жаратылыстану ғылымдары, математикажәне статистикаға бағытталды. Биыл конкурсқа қатысқан «Алтын белгі»иегерлерінің саны 5 мың 800-ден астам болды, оның 4 мың 600-ден астамы гранттыалды», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін 2019 жылғымемлекеттік білім гранты иегерлерінің толықтізімі жарияланды.

Соңғы жаңалықтар