Ролик авторының айтуынша, оған ғылымда беймәлім, өзенде өмір сүретін жануарды немесе лох-несстік құбыжықтың өзін түсіріп алуға мүмкіндік туған. Крейг Маккей өмірінде мұндай жағдай ешқашан кездеспегендігін айтады, деп хабарлады Mirror.
Төменде жарияланған кадрларда су бетінде едәуір үлкен өлшемдегі жануардың жүзіп бара жатқанын көруге болады. Негізі ол «құбыжық» су бетінде толықтай көрінбейді, Маккейдің оны түсіріп алуының сыры Желіде көп адамдардың сан түрлі болжам жасауларын, таңқалыстарын тудырды.