Басылымның мәліметінше, жер сілкінісі бейсенбі күні Гринвич уақытымен сағат 14:19-да (Астана уақытымен 19:19) болған. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы 52,81 градус солтүстік ендік пен 171,34 градус батыс бойлықтағы нүктеде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 83 шақырым тереңдікте болған.
Бұған дейін жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек екені хабарланған болатын.
Сондай-ақ Индонезия жағалауында магнитудасы 6,6 болатын жер сілкінісі болғаны туралы хабарланған.