Аляскадағы жан түршігерлік көшкін: 150 миллион тонна тас (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алясканың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Глейшер-Бей ұлттық саябақта үлкен тас көшкіні анықталды.

Биіктігі 1,2 шақырым тау жалпы салмағы 150 миллион тонна болатын тас пен балшық көшкініне айналған.  Ұсақ тастар мұздықтарды бітеп, 10 шақырымға дейін тас жайылған. Колумбия университетінің профессоры Колин Старк көшкін күшінің 280 гиганьютон болғанын есептеп шығарды. Бұл цифрды түсіну үшін тастың орнына таудан төмен зулаған 300 миллион машинаны елестетіп көріңіз.

Бірнеше күннің ішінде Аляска тас көшкіні ошағына айналды. Жаппай көшкін орын алған Глейшер-Бей ұлттық саябағында соңғы күндері 5 көшкін болған.

Жойқын көшкін салдарын алғаш байқаған ұшқыш Пол Суонстром көшкін орнын видеоға жазып алған, деп хабарлайды popmech.ru.