Өткен жексенбіде полиция департаментінің Facebook парақшасында жарияланған осы видеоны 1,6 миллион адам көрген.
Аю Pizza Hut дәмханасында жасырынғысы келді және тұраққа қойылған ведосипедтерге қызығушылық танытты, қоршау астынан ор қазып, ағашқа өрмелеуге тырысты. Полиция күдіктінің қашып кетуіне жол бермей, балық аулау және аңшылық департаменті келгенше аюдың әрекетін бақылады.
Анкоридж маңында 300-ге жуық аю өмір сүреді. Алайда, полиция бөлімінің айтуынша, мұндай кездесулер өте сирек кездеседі.